Жоба жайлы

AR08053346 «Тұрақты даму инновацияларын олардың экономикалық орындылығы және Қазақстан Республикасында кәсіпорынды тиімді басқару тұрғысынан зерттеу» жобасы

Дүниежүзілік Табиғат Қорының (WWF) есептеріне сәйкес, табиғи ресурстарды тұтыну ауқымы, әсіресе дамушы елдерде 2050 жылға қарай әлем халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жаңа планета қажет болатындай пропорциялар алуда. Үкімет мүшелері табиғи ресурстарды пайдалану жағдайын өзгерту керектігін түсінеді. Мемлекеттердің тұрақты дамуға негізделген инновацияларды енгізу туралы үндеуіне жауап берген компаниялар қазірдің өзінде айтарлықтай оң өзгерістерді көруде. Табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтарды қайта өңдеуге, шығындардың барлық түрлерін азайтуға бағытталған технологиялық және өнім инновациялары компанияларға айтарлықтай экономикалық пайда әкеледі. Басқаша айтқанда, тұрақты инновациялар табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін ғана маңызды емес, сонымен қатар жаңа бизнес үлгілері ретінде кәсіпорындар үшін тиімді. Ғылыми жобаның идеясы – Қазақстандағы кәсіпорындарда тұрақты даму инновацияларын басқарудың әдіснамасын әзірлеу және тиімді үлгілерін құру. Бұл жоба отандық кәсіпорындарда тұрақты инновациялық менеджмент саласындағы мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Жоба мақсаты – тұрақты даму инновацияларын (тұрақтылыққа негізделген инновациялар) олардың экономикалық орындылығы тұрғысынан зерттеу және қазақстандық кәсіпорындарды тиімді басқару жолдарын ұсыну.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

2020 жылы:

- Шет елдердегі тұрақты инновацияларды басқару тәжірибесін зерттеу негізінде «тұрақты инновация» түсінігі, оның мәні мен басқарудың жаңа сипаттамасы анықталды;

- Қазақстандағы кәсіпорындарда тұрақты даму инновацияларын дамытудағы негізгі кедергілерін анықтау мақсатында сандық және сапалық зерттеулер жүргізілді;

- Тұрақты инновацияларды басқарудың 8 ейсін дайындау бойынша отандық инновациялық компаниялардың қызметіне талдау жасалды.

- 9 мақала, оның ішінде Scopus деректер базасында индекстелген журналдарда 2 мақала, ҚР БҒМ БҒССҚЕК ұсынған журналдарда 2 мақала және отандық және шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында 5 мақала жарияланды.

2021 жылы:

- Қазақстандағы кәсіпорындарда тұрақты инновацияларды тиімді дамытуға ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық жағдайларды анықтау үшін заңнамалық базаны қамтитын жүйелі әдеби шолу жүргізілді.

- Келесі компаниялардың қызметтеріне талдау жүргізілді: «Kuntech» ЖШС, «Magnum Cash & Carry» ЖШС, «BI Group» Холдингі, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ, «Истоки Добра» ОО, «Арнасай жасыл технологиялар орталығы», «Ұлы Дала» ЖШС. Нәтижесінде тұрақты дамуға кедергі келтіретін факторлардың келесідей топтары анықталды: «Мемлекет реттейтін факторлар», «Нарық ықпал ететін факторлар», «Дамумен байланысты факторлар», сондай-ақ «Ақпараттық факторлар».

- Қазақстандық кәсіпорындарда тұрақты даму инновацияларының тиімді дамуына ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ретінде келесі көрсеткіштер анықталды: тұтыну құны, тұрақты жеткізу тізбегі, әлеуметтік жауапты тұтынушы интерфейсі, техникалық деңгей мен өнім сапасының өсуі, еңбек жағдайларын жақсарту, тиімді ресурстарды пайдалану, жабдықтарды жаңарту.

- 2021 жылғы 16 наурызда бизнес өкілдері мен ғылыми қауымдастық арасында «Шетелдік инновациялық кәсіпорындардың тұрақты даму үлгілерін бейімдеу мәселелері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оның нәтижесінде тұрақты даму үлгісін құру бойынша ұсыныстар алынды.

- Операциялық оңтайландыру, ұйымдық трансформация және жүйені құру сияқты үш негізгі блоктан тұратын тұрақты дамуды басқарудың инновациялық моделі жасалынды. Бұл модель тұрақты инновацияларды пайдалануға қатысты инновациялық кәсіпорынның жетілу деңгейін бағалауға ғана емес, сонымен қатар дамудың неғұрлым жетілген деңгейіне өту шараларын қамтиды.

- 2021 жылдың 9 сәуірінде бизнес пен ғылыми қауымдастық өкілдері арасында «Ковид-19 пандемиясы жағдайында Қазақстандағы компаниялардың тұрақты дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның нәтижесінде отандық кәсіпорындарда тұрақты инновацияларды дамытуға оң және теріс әсер ететін факторлар анықталды.

- «Кәсіпорынындағы тұрақты даму инновацияларын басқару тәжірибесі» атты монографияға авторлық куәлік алынды (1 сәуір, 2021 ж., № 16265).

- «Кәсіпорындардағы тұрақты дамудың инновациялары: теория және тәжірибе» тақырыбы бойынша оқу құралы жарық көрді.

- 11 мақала, оның ішінде Scopus деректер базасында индекстелген журналда 1 мақала, ҚР БҒМ БҒС СҚЕК ұсынған журналдарда 3 мақала және отандық және шетелдік халықаралық конференция материалдарында 7 мақала жарияланған.

- 2023 жылы:

- Зерттеу нәтижелері бойынша ұлттық университеттердің білім беру қажеттіліктеріне арналған әдістемелік ұсыныстар түріндегі зерттеу кейстері менеджерлерді кәсіби даярлаудағы кейс-стади принциптері бойынша әзірленетін болады.

- Шетелдік әріптестерді тарту арқылы тестілеу және үш көрсетілім дәрісі өткізіледі.

- Зерттелетін компаниялардың кейстері басқа ұлттық кәсіпорындарда озық тәжірибе ретінде пайдалану үшін атқарушылық брифинг қағидаттары бойынша сипатталатын болады.

- «Қазақстан Республикасында тұрақты даму инновацияларын олардың экономикалық орындылығы және кәсіпорынды тиімді басқаруды құру тұрғысынан зерттеу» тақырыбы бойынша 1 монография жарияланады.

- 5 мақала, оның ішінде импакт-факторы нөлден асатын рецензияланған шетелдік ғылыми журналдарда 2 мақала, ҚР БҒМ БҒС СҚЕК ұсынған журналдарда 2 мақала және отандық және шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында 1 мақала жарияланады.

Зерттеу тобының мүшелері:

  1. Досжан Райгүл Дүкенбайқызы – жоба жетекшісі, PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасының доценті. Scopus базасы бойынша Хирш индексі = 6. Scopus ID – 55970572200 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55970572200. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0001-7480-3568.
  2. Гамидуллаева Лейла Айваровна – э.ғ.д., Пенза  мемлекеттік университеті, РФ. Scopus базасы бойынша Хирш индексі = 11. Scopus ID – https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56436586400. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0003-3042-7550.
  3. Жупарова А.С. – PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Экономика" кафедрасының доценті, экономикалық зерттеулер орталығының жетекші зерттеушісі. Scopus базасы бойынша Хирш индексі = 4. Scopus ID – 55916782100 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55916782100. ORCID ID: http://orcid.org/0000-0002-7447-268X.   
  4. Серикбекулы Асхат – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы, «Жобаларды басқару» мамандығының PhD докторанты. Scopus базасы бойынша Хирш индексі = 2. Scopus ID – 57216620444 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57216620444. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0002-1232-5238
  5. Қожахметова Әсел Көшербайқызы – PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы. Scopus базасы бойынша Хирш индексі = 3. Scopus ID – 57209825232 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57209825232. ORCID ID - http://orcid.org/0000-0002-3077-2023
  6. Исмаил Гулим Жараскызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасының оқытушысы. Scopus базасы бойынша Хирш индексі = 2. Scopus ID – 57205624248 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57205624248. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0002-2330-1063.
  7. Сулейменова Майра – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің Менеджмент мамандығы бойынша магистрі.